ИШИМ Рамади су бөгетін бақылауға алды

Анбар губернаторы генерал-майор Тармуз су бөгетін кері қайтару үшін әскери операция талап етті.

291801
ИШИМ Рамади су бөгетін бақылауға алды

Террор ұйымы ИШИМ Иракта Евфрат өзені бойындағы Рамади су бөгетінің бақылауын қолға түсіріп, қаланың шығыс аймақтарына берілген суды тоқтатты.
Анбар губернаторы және қауіпсіздік кеңесшісі генерал-майор Азиз Халеф эт-Тармуз ұйымның қауіпсіздік күштері мен тайпалардың бақылауындағы Халидийе және Хаббанийе аудандарына берілген суды тоқтатқанын, осы екі аймақтан өткен өзеннің су деңгейінің шегінгенін білдірді.
Тармуз «ИШИМ суды тоқтатып аймақ тұрғындарын өлтіруді немесе оларды бұл аймақтан кетуге мәжбүрлейді» деді.
Тармуз бөгетті кері қайтару үшін әскери операция жасауды немесе суды еркін пайдалану үшін бөгет қақпаларының бірін әуе шабуылымен жоюды талап етті.
Ирактың жер көлемі тұрғысынан ең үлкен уәлаяты Анбардың орталығы Рамади шамамен екі аптадан бері ИШИМ-нің ьақылауында.
Ирак армиясы және Хасд-ы Шаби күштері қаланың кері қайтарылуы үшін 26 мамыр күні операция бастаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар