Иракта ИШИМ-ге қарсы әуе шабуылдары жалғасуда

Анбар мен Селахаттин уәлаяттарына жасалған шабуылдарда көптеген ИШИМ мүшесі өлтірілді.

301701
Иракта ИШИМ-ге қарсы әуе шабуылдары жалғасуда

Ирактың Анбар уәлаятындағы әскери бір базаға террор ұйымы ИШИМ-нің бомба орналастырылған көліктермен жасаған шабуылында 41 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерлері бар екені білдірілді.
Анбарға қоса Селахаттин уәлаятында да ұйымға бағытталған әуе операциялары жалғасуда. Операцияларда көптеген террорист өлтірілді.
Ирак премьер-министрі Хайдар Эл-Ибади болса коалиция күштері жасаған әуе шабуылдарының жеткіліксіз екенін алға тартады.
Басқа жағынан ИШИМ елде шамамен 500 баланы ұрлап кетті.
Лауазымдылар балаларды әскери жаттықтырудан өткенін және кейбір балалардың жанкешті болып қолданылатынын жариялады.
Газада болса ИШИМ мүшесі бір террористтің полициямен қақтығыс кезінде өлтірілгені жарияланды.
Полицияның заңсыздық жасағаны себепті тергеуге алғысы келген 27 жасар террористтің қарсылық бергені білдірілді.
Басқа жағынан ИШИМ-ге қарсы 60-қа жуық ел қолдау берген коалициядағы 20 елдің сыртқы істер министрі ұйымға қарсы жүргізілетін стратегияларды талқылау үшін Францияның астанасы Парижде бас қосады.
Париж жиналысында Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік жасайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар