Ресей неміс депутаттың еліне кіруіне рұқсат етпеді

Германия Федеральді Мәжіліс депутаты Вельман Мәскеудің Халықаралық әуежайынан кері қайтарылды.

289401
Ресей неміс депутаттың еліне кіруіне рұқсат етпеді

Христиан Демократ Бірлік партиясы мүшесі (CDU) және Федеральді Мәжіліс депутаты Карл-Георг Вельман Мәскеудің Шереметьево Халықаралық әуежайында полиция тарапынан тоқтатылды.
Вельман өзі жайлы 2019 жылға дейін елге кіру тыйымы бар екенін осында үйренгенін атап көрсетті.
Ресейге жоғары деңгейдегі лауазымдылардан шақыру алғаны және бір қатар кездесулер жасауға барғанын айтқан Вельман орыс лауазымдылардың бұл ұстанымының түсініксіз екенін және бұл жағдайды қабылдамағанын білдірді.
Федеральді Мәжілісте Германия-Украина парламент аралық достық тобы төрағасы болған Вельман Еуроодақтың Украинаның шығысындағы жаңалықтар себепті Ресейге жасалған санкцияларға қарсы орыс тарапының да бір тізім жасағанын атап көрсетті.
Басқа жағынан Германияның Мәскеу өкілетті елшісі Редигер Фрейхер вон-Фритш Ресей Сыртқы істер министрлігіне барып бұл жағдайға наразылық көрсетті.
Германия Сыртқы істер министрлігі болса «Бұл оқиға түсініксіз және қабылданбайды» деген мәлімдеме жасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар