Израиль палестиналықтарға бағыттаған нәсілшіл шешімнен бас тартт

Израиль палестиналықтардың еврейлермен бірдей автобусқа мінуіне тыйым салу бастамасынан бас тартты.

283361
Израиль палестиналықтарға бағыттаған нәсілшіл шешімнен бас тартт

Жоспарланған бастамамен 3 айлық кезеңде палестиналықтардың еврей тұрғындар пайдаланған қатынас көліктеріне мінуіне рұқсат бермейтін еді.
Дегенмен Израиль артып отырған наразылық себепті кері қадам басып, шешімді тоқтатуға мәжбүр болды.
Оңтүстік Африкада қара нәсілділерге қарсы жасалған апартеид режимін еске түсірген ұсынысқа азаматтық қоғам мекемелеріне қоса, кейбір сионисттер наразылық көрсеткен болатын.
Премьер-министр Нетаньяхудың бастаманы Израильдің абыройына көлеңке түсіруіне алаңдағаны үшін тоқтатқаны болжалады.
Бастаманың тоқтатылуына Еуроодақ Жоғары өкілі Федерика Могеринидің Израильге жоспарлаған сапарының да әсер еткені алға тартылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар