Македонияда оппозицияға қарсы наразылық шеруі басталды

Скопьеде оппозиция партияларының шақыруымен үкіметке қарсы наразылық шеруі ұйымдастырылды.

278870
Македонияда оппозицияға қарсы наразылық шеруі басталды

Жүргізілген саясаттар мен елдегі нашар экономикалық жағдайдың мазасыздандырғанын тілге тиек еткен ереуілшілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.
Скопьеде үкімет ғимараты алдында ұйымдастырылған наразылық акциясында ереуілшілер премьер-министр Никола Груевскийге қарсы ұрандар тастады.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған он мыңдаған адам македон, албан, түрік және басқа да қоғамдардың байрақтарын көтерді.
Оппозициядағы Македония әлеуметтік демократия одағы төрағасы Зоран Заев Македонияның алдындағы жалғыз жолдың Евроодақ екенін атап айтты.
Шерудің артынан түнде шатырларда қонған жүздеген адам акцияларының үкімет отставкаға кеткенше жалғасатынын білдіреді.
Басқа жағынан биліктегі Македонияның Ұлттық одағы партиясының бүгін Скопьеде шеруге қарсы ауқымды бір шеру ұйымдастыруы күтіледі.
Македония өткен апта албан текті азаматтар мен полиция арасында шыққан қақтығыспен күн тәртіпке келген болатын.
Полиция елдің солтүстігінде албан тектілер өмір сүрген Куманова ауданына жасаған басқынның артынан шыққан қақтығыстарда 14 албан текті Македония азаматы мен 8 полиция қызметкері қаза тапқан болатын.
2.1 миллион адам саны бар Македонияда албан текті азаматтардың саны жалпы адам санының 25 пайызын құрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар