Пәкістанда қарулы топ қырғын жасады

Карачи қаласындағы шабуылда 43 адам қаза тапты.

272434
Пәкістанда қарулы топ қырғын жасады

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында мотоциклды қарулы адамдар бір автобусқа шабуылдады. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда көпшілігі әйел барлығы 43 адам қаза тапты.
Автобусты тоқтатқан шабуылшылар жаудырған оқтардың салдарынан 25 жолаушы да жарақат алды.
Пәкістан телеарналары автобустың көріністерін жариялады.

Полиция директоры жолаушылардың шиіт екенін мәлімдеді.

Талибанмен байланысты топтар елде мұның алдында да шиіттерді нысанаға алған шабуылдар ұйымдастырған болатын.

Шабуылдың жауапкершілігін қазірше ешкім мойындаған жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар