ИШИМ басшысыларының басына 20 миллион долларлық бәйге тігілді

«Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында ИШИМ басшыларын қолға түсіру жоспарланады.

263470
ИШИМ басшысыларының басына 20 миллион долларлық бәйге тігілді

Бәйге тігілген 4 ИШИМ басшысының қайда екенін білдіргендерге 20 миллион доллар көлемінде сыйақы төленеді.
АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында ИШИМ басшыларынан Абдуррахман әл-Кадули үшін 7 миллион доллар, Әбу Мұхаммед әл-Аднани мен Таркан Таймуразович Батирашвили үшін 5 миллион доллардан және Тарык ибн-әл-Тахар ибн-әл-Фатих әл-Авни эл-Харзи үшін болса 3 миллион доллар сыйақы төленетінін жариялады.
Мәлімдемеде Кадулидің алдында Ирак Әл-Каидасына қосылған жоғары деңгейдегі бір ИШИМ мүшесі, Аднанидің ИШИМ-нің мәлімдемешісі, Батирашвилидің Сирияның солтүстігіндегі бір ИШИМ қолбасшысы және Харзидің де ұйымның Сирияның солтүстік шекара аймағындағы басшысы екені атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар