Сирияда оппозициялық 15 топ бірікті

Сирияда 15 қарулы оппозициялық топ террор ұйымы YPG-ге қарсы бірікті.

259400
Сирияда оппозициялық 15 топ бірікті

Сирияда 15 қарулы оппозициялық топ террор ұйымы YPG-нің Халеп қаласындағы тапшылықтары және шектен асқан ұстанымымен күрес үшін бірікті.
Аталмыш топтар тарапынан жасалған ортақ мәлімдемеде бірігу шешімінің қаладағы Шейх Максуд тұрғындарының сұранысымен қабылданғанын білдірді.
Мәлімдемеде «YPG-нің қайтадан артқан шабуылдары себепті күрд және арабтардан тұратын аймақ тұрғындары өмір қауіпсіздіктері мен абыройларын қорғау үшін бізден жәрдем талап етті» делінді.
Біріккен топтар YPG жасақтарына халыққа жамандық жасаған мүшелерін өткізу үшін «бүгін түн ортасына» дейін уақыт бергенін жариялады.
Шейх Максуд тұрғындары «YPG жасақтарының аумақ тұрғыны бір әйелді күштеп бас орамалын ашқызуы және үйін штаб пәтер қылу үшін тартып алуы себепті» кеше шерулер ұйымдастырылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар