Непалдағы жер сілкіністің соңғы ахуалы

Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6621-ге жетті.

258979
Непалдағы жер сілкіністің соңғы ахуалы

Непалдың астанасы Катманду маңында 25 сәуірде 7.8 балдық жер сілкінісі таңертең болған еді. Осы таңға дейін жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6621-ге жеткен. Жарақат алғандар саны болса 14 000. Сонымен қатар зілзала салдарынан мыңдаған еуропалық азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Непал Ішкі істер министрлігі зілзалада мөлшермен 160 мыңға тарта үйдің күйрегенін мәлімдеді.
Шалғай әрі қатынау қиын аудандардағы мыңдаған адамның тағдыры әзірге белгісіз болып қала бермек. Непал билігі опат болғандардың саны 10 мыңнан асып түсуі мүмкін екенін ескертеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар