Непалда қаза тапқандар саны артты

Соңғы мәліметтерге қарағанда 7 мың 40 адам қаза тапты, 14 мың 123 адам жарақат алды.

259602
Непалда қаза тапқандар саны артты

Соңғы мәліметтерге қарағанда Непалдағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 7 мың 40, жарақат алғандар саны 14 мың 123-ке жетті. Мыңдаған адамның да жоғалғаны білдірілді.
28 миллион адам саны бар Непалда тұрғындардың үштен бірі жер сілкінісінен болымсыз әсерленді.
Муссон жаңбыры басталатын елде зиян келген 600 мың үйде өмір сүргендердің көпшілігі жаңбырға шыдамсыз баспаналарда өмір сүреді.
Канализация мен ауыз суы желілері қираған зілзала аймағында халықтың ең үлкен қажеттілігі ауыз суы болып тұр.
Мамандар таза ауыз суы мен қоршаған орта тазалығы тақырыбында жеткілікті шара қабылдамаған жағдайда жұқпалы аурулардың басталатынын ескертуде.
Елде туризм саласына да үлкен зиянын тигізген жер сілкінісінде Әлем мұра тізіміне алынған 12 орынға қоса тағы 2 туристік жай қирады.
Елдің ең үлкен туристік құндылығы ретінде Эверест тауында да жер сілкінісі кезіндегі топырақ көшкіні себепті араларында туристтер де бар жүздеген адам қаза тапты.
Соңғы рет 50 адамның мәйіті табылған Эверест тауында әлі 200 адамның із-түссіз жоғалғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар