Ватикан Түркияны нысанаға алған мәлімдемесінен кері қадам басты

Папаның 1915 жылғы оқиғалармен байланысты айтқан сөздері туралы Ватикан кері қадам басты.

237753
Ватикан Түркияны нысанаға алған мәлімдемесінен кері қадам басты

Папалық баспасөз мәлімдемешісі Федерико Ломбарди Папаның сөздерінің мұның алдында жарияланған бір декларациядан алынғанын атап Түркияның наразылықтарын назарға алғандарын мәлімдеді.
Федерико Ломбарди Ватиканда ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Папаның мәлімдемесінің «Ватиканның бұл тақырыпта жаңа бір ұстаным ортаға қойғаны» деген мағынаға келмегенін атап көрсетті.
Ломбарди «Папа бұрын Йоанн Павел ІІ және Карекин тарапынан қол қойылған ортақ декларацияға сілтеме жасады және ‘қырғын’ деген сөзді осыдан алып қолданды. Яғни негізінде бұл сөзді қолдану тақырыбында бір жалғастық ортаға қойды. Түрік және армян халықтары арасында келіссөз жүргізу жөніндегі болымды тілегін де жеткізді» деді.
Ломбарди президент Режеп Тайып Ердоғанның тарихшылардан тұратын аралас бір комиссия құру ұсынысын «болымды» деп бағалағанын тілге тиек етті.
Басқа жағынан Түркияның Рим өкілетті елшісі Айдын Аднан Сезгин «Il Messaggero» газетіне берген сұхбатында Түркияның Папаның сөздері себепті өкінгенін айтты.
Өкілетті елші Сезгин сұхбатында Папаның қараша айындағы Түркия сапары барысында армян мәселесімен байланысты бейбіт және келісімге келу туралы пікірін тілге тиек еткенін еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар