Нигерия «жоғалған қыздарын» іздейді

Боко Харам террор ұйымы тарапынан алып қашырылған 219 оқушы қыз үшін үнсіз шеру өткізілді.

235667
Нигерия «жоғалған қыздарын» іздейді

Нигерия «жоғалған қыздарын» іздейді.


Батыс Африка елі Нигерияда Боко Харам террор ұйымы тарапынан алып қашырылған 219 оқушы қыз үшін үнсіз шеру өткізілді.


Ауыздарын қызыл шүберекпен байлап алған шерушілер қыздардың алып қашырылғанына бір жыл толғанда бас қала Абуджада шеруге шықты.


Шерушілер Нигерияның жаңа президенті Мұхаммед Бухариден қыздардың қайтарылуы үшін саяси қадам басуын күтеді.


Боко Харам сарбаздары Нигерияда өткен жылы 300 шақты оқушы қызды алып қашып, қыздардың кейбірі террористердің қолынан қашып құтылған еді.


219 қыз болса әлі табылмады.


Осы арада ЮНИСЕФ те алып қашыру оқиғасының бір жылдығында хабарлама жариялап, Нигериядағы Боко Харам терроры салдарынан бір жарым миллион адамның баспанасыз қалғанын, бұлардың жартысының балалар екенін білдірді.


Хабарламаға қарағанда, ата-анасыз қалған балалар «жанды бомба» ретінде қолданылуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар