Йеменде хоуситтерден кері қадам

Хоуситтер тойтарысқа шыдай алмай, Адендегі Президенттік сарайынан шегінді.

224964
Йеменде хоуситтерден кері қадам

Йеменде хоуситтер кері қадам басты.


Хоуситтер тойтарысқа шыдай алмай, Адендегі Президенттік сарайынан шегінді.


Сауд Арабиясы бастаған «Табандылық дауылы» атты операцияның баспасөз хатшысы генерал-майор Ахмет Асыри хоусит сарбаздарының күшінің әлсірегенін мәлімдеді.
Операция аясында әуеден бомбалау жалғасып жатыр. Президент Хадинің жақтастарына логистикалық көмек берілуде.


Сонымен қатар Сауд Арабиясының Йеменмен шекарасындағы Асир аймағындағы күзетшілерге Йемен жағынан оқ атылды. Екі әскер қаза тапты.


Осы арада Ресей Йемендегі гуманитарлық жағдайды талқылау мақсатымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс жиналуын сұрады.


Жиналыс баспасөзге жабық өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар