Мұсылман халық саны артуда

2050 жылы Еуропа халық санының 10 пайызы мұсылман болады.

223745
Мұсылман халық саны артуда

Мұсылман халық саны артуда


АҚШ-та жүргізілген бір зерттеуде мұсылмандардың басқа дін өкілдерімен салыстырғанда жылдам артып, 2050 жылы христиан халықтың санына жақындайтыны анықталды.


Зерттеуде туу көрсеткіштері мен дін өзгерту бейімділіктері назарға алынды. Осыған қарағанда, мұсылман әйелдердің туу көрсеткіші 3,1 пайыз, ал осы көрсеткіш христиандарда 2,7, үндістерде 2,4, еврейлерде болса 2,3 пайыз деп анықталды.


Зерттеу нәтижесі бойынша 2050 жылы Еуропа халық санының 10 пайызы мұсылман болады, АҚШ-та болса мұсылмандар еврейлердің санынан асып түседі.


2010 жылғы деректерге сүйенсек, 2,2 миллиард адам санымен әлем тұрғындарының 31 пайызы – христиандар. Мұсылман саны болса 1,6 миллиард пен әлем тұрғындарының 23 пайызын қалыптастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар