Әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды

Мисао Окава 117 жасында болатын.

291296
Әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды

Әлемнің ең кәрі тұрғыны деп қабылданған жапон Мисао Окава атты әйел 117-ші туған күнін тойлағаннан бір аптадан кейін қайтыс болды.


Жүрек және тыныс алу жүйесі ауруынан қайтыс болған Окава дүниеден тыныш өтті. Қасында немересі және өзі тұрған қариялар үйінің қызметкерлері болды.


Жапонияның Осака қаласында 1898 жылы 5 наурыз күні дүниеге келген Мисао Окава 2013 жылы Гиннесс Рекордтар кітабына енген болатын.


Кимано тігіншісінің қызы Мисао Окава 1919 жылы тұрмысқа шықты. Рекордсменнің екі қызы мен бір ұл баласы болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар