ИШИМ-мен күрес жалғасуда

Ирак армиясы террор ұйымы ИШИМ-ге ауыр соққы берді.

291332
ИШИМ-мен күрес жалғасуда

Тикрит қаласы кішігірім қақтығыстардан басқасы террористтерден тазартылды.
Бомба жою мамандары қаланың жан-жағында террор ұйымы ИШИМ орналастырған тұзақтар мен жарылғыш тетіктерін жоюға тырысады.
ИШИМ Сирияның астанасы Дамаскта 18 мың палестиналық босқын өмір сүрген Ярмук босқындар лагерін бақылауға алды.
Аймақта оппозиционерлер мен террористтер арасындағы қақтығыстарда кемінде 10 оппозиционер қаза тапты, 3 дәрігер болса жараланды.
Террор ұйымы Мысырдың Синай аймағында болса әскери бақылау бекіністеріне шабуылдады.
Оқиғада 15 әскер мен 2 жазықсыз адам қаза тапты, 20-ға жуық адам жарақат алды.
Ресейдің Дағыстан Автономиялық Республикасына қарасты Хасавйурт қаласында да ИШИМ-ге мүше екені алға тартылған бір ұйым үйі жарылды.
Операцияда ИШИМ-нің Дағыстандағы маңызды тұлғаларының бірі Шабар Гасановқа қоса 1 террорист өлтірілді.
ИШИМ-ге бағытталған күрес Еуропада да үздіксіз жалғасуда.
Германияның Бремен қаласында бір мешіт террорлық жұмыстарға қолдау бергені себепті жабылды.
Бремен уәлаяты Мәжілісі депутаты және Ішкі істер комиссиясы мәлімдемешісі Шүкрү Шенкал уәлаяттағы 17 адамның ИШИМ-ге қосылғанын осылардың төртеуінің қаза тапқанын атап айтты.
БҰҰ рапортына қарағанда террор ұйымы ИШИМ-ге қосылу үшін Сирия мен Иракқа барған шетелдік жауынгер саны 25 мыңға жетті.
Аймаққа соғысуға барған шетелдік саны соңғы бір жылдың ішінде 71 пайыз артты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар