Нигериядағы президенттік сайлауда қан ақты

Оңтүстіктегі Риверс уәлаятында оппозиция сайлаудың қайта өткізілуін талап етті.

287108
Нигериядағы президенттік сайлауда қан ақты

Нигериядағы президенттік сайлауда қан ақты.


Боко Харам сарбаздары үш уәлаятта шабуыл жасап, 41 адамды өлтірді. Осы адамдардың бірі депутат болатын. Террористтер екі сайлау орталығына оқ жаудырды.
Қанды оқиғалармен бірге заңсыздық әңгімелері де сайлауға көлеңке түсірді.


Сайлау комиссиясына кейбір жерлерде балалардың дауыс қолданғандары жөнінде және биометриялы сайлаушы карты жұмыс істемеген көптеген адамның дауыс қолдана алмағаны жөнінде шағым келіп түсті.


Оңтүстіктегі Риверс уәлаятында оппозиция сайлаудың қайта өткізілуін талап етті.


Сайлаудың ішінара қорытындылары бүгін жариялана бастайды. Жарыс көбіне оңтүстіктен қазіргі президент Гудлак Джонатан мен мұсылмандар көп өмір сүретін солтүстіктен Мұхаммед Бухари арасында өтті.


Сайлау қорытындылары жарияланғанда елде жаңа бір хаос шығады деп алаңдауда. 2011 жылы сайлаудан кейін солтүстіктен мұсылмандар мен христиандар арасында шыққан қақтығыста мыңнан астам адам мерт болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар