Йеменде Араб коалициясының әуе операциясы жалғасуда

Йемендегі бомбалау мен қақтығыстарда соңғы 24 сағаттың ішінде қаза тапқандар саны 120-дан асты.

287972
Йеменде Араб коалициясының әуе операциясы жалғасуда

Сауд Арабиясы басшылығындағы Араб коалиция күштері хоуситтер мен хоуситтерге қолдау берген Йемен армиясына бағытталған әуе шабуылын жалғастыруда.
Елдің оңтүстігінде болса хоуситтер мен елбасы Мансур Хади жақтастары арасындағы қақтығыстарда әр екі тараптан 20 адам қаза тапты.
Мансур Хади жақтастары порт қаласы Аденде бірнеше рет басып алынған әуежайды қайта бақылауға алғандарын жариялады.
Ел астанасы Санада коалиция күштерінің нысанасында хоуситтердің бақылауындағы Эл-Субаха базасына ұйымдастырылған әуе шабуылында 15 хоусит өлтірілді.
Коалиция ұшақтарының хоуситтерге қолдау берген Йемен Республикасы сарбаздары штабына бағытталған бомбалы шабуылында да 15 әскердің қаза тапқаны білдірілді.
Хоуситтердің бақылауындағы Денсаулық министрлігін бомбалау кезінде қалада бір түннің ішінде 35 адамның қаза тапқаны, 88 адамның жарақат алғаны білдірілді.
Мұнай алаңдары орналасқан Шабва уәлаятында да сүннит тайпалар хоуситтердің бекіністеріне шабуыл ұйымдастырды, шыққан қақтығыста 38 адам қаза тапты.
Пәкістан Қызылтеңіз жағалауындағы Худейда қаласынан 500 азаматын эвакуациялады. Қытай Халық Республикасы болса дипломаттары мен азаматтарын эвакуациялау үшін Аден портына кемелерін жіберді.
Йемен Сыртқы істер министрі Рияд Ясин Мансур Хади Санада билігін қайта тұрғызғанша хоуситтермен келіссөз жүргізбейтіндерін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар