Сирияда өмір 20 жыл қысқарды

Халықтың үштен екісі өте кедей.

284441
Сирияда өмір 20 жыл қысқарды

Сирияда өмір 20 жыл қысқарды.


БҰҰ гуманитарлық істер және төтенше жағдай координаторы Валерия Амос Сирияда 4 жыл бұрын басталған соғыстан бері орташа өмір сүру мерзімінің 20 жыл азайғанын айтты.


Амос БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген брифингінде Сириядағы гуманитарлық ахуалдың Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне қарамастан нашарлағанын білдірді. Амос «Әлем көрермен болып отырған кезде Сирияда соғыс басталғалы бері өмір сүру 20 жылға қысқарды. Жұмыссыздық көрсеткіші 10 пайыздан 58 пайызға артты. Халықтың үштен екісі өте кедей» деді.


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хабарламасында да Сирияда күн өткен сайын нашарлап бара жатқан тұрмыс жағдайы атап көрсетілді.


Елде 12,2 миллион адамның көмекке мұқтаж екені атап көрсетілген хабарламада қор жетіспеушілігіне байланысты БҰҰ таратқан көмек материалдарының да азайғаны айтылды.


Мамыр айына дейін жедел қаржылай көмек көрсетілмесе, 1 миллион сириялық бала білім мүмкіндігінен айырылады.


31 наурыз күні Кувейтте донорлар жиналысы өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар