Оппозиция күштері Идлиб қала орталығын бақылауға алды

Фатх армиясы мен режим күштері арасындағы қақтығыста 11 әскер мен 17 оппозиционер қаза тапты.

282551
Оппозиция күштері Идлиб қала орталығын бақылауға алды

Сирияда оппозициялық күштер құрған Фатх армиясы мен режим күштері арасында Идлиб қаласында шоғырланған қақтығыстарда 11 әскер мен 17 оппозиционер қаза тапты.
Фатх армиясына қарасты жасақтар Идлибте 12 әскери бекет пен көптеген бригаданың бақылауын қолға түсірді.
Идлиб Университеті мен студент жатақханасы да оппозицияның бақылауына өтті.
Қала орталығына кірген оппозиция жасақтарының ілгерілеуі алдында Сирия армиясына тиесілі жойғыш ұшақтар әуе шабуылдарын жалғастыруда.
Оппозиционерлер кеше де Иордания шекарасын бақылауға алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар