Пәкістан армиясы талибанға ауыр соққы берді

Пәкістан армиясы Ауғанстан шекарасы маңында 80 талибан мүшесінің көзін жойды.

276200
Пәкістан армиясы талибанға ауыр соққы берді

Пәкістан армиясы Ауғанстан шекарасы маңында талибан ұйымына қарсы жүргізілген операцияда 80 ұйым мүшесінің көзін жойды.
Армия мәлімдемешісі генерал-лейтенант Асым Салим Бажва жасаған мәлімдемеде Хайбер аймағының Ауғанстан-Пәкістан шекарасында ұйым мүшелерімен қақтығыстардың шоғырланғанын, әуе қолдауымен жүргізілген құрлық операциясында 7 әскердің де қаза тапқанын атап көрсетті.
Бажва операция барысында 100 шақты террористтің де жарақат алғанын білдірді.
Пәкістан армиясы маусым айында Солтүстік Везирстанда, қазан айында болса Хайбер аймағында талибанға қарсы бастаған ауқымды операцияларында қазірге дейін 2 мың 300-ден астам ұйым мүшесін өлтірді.
Желтоқсан айында ұйым мүшелерінің Пешаварда бір мектепке жасаған қарулы шабуылында 150 адам қаза тапқан соң әскери операциялар тығызданған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар