Ядролық келіссөздер Лондонда қолға алынды

Лондондағы жиналыста ядролық келіссөздегі соңғы саты қолға алынды.

276073
Ядролық келіссөздер Лондонда қолға алынды

Ұлыбритания, Германия, Франция және АҚШ сыртқы істер министрлері мен Еуроодақ Жоғары өкілі Федерика Могарини Иранмен ядролық келіссөздер тақырыбындағы соңғы сатыны бағаландыру үшін Лондонда басқосты.
Жиналыстың артынан жасалған ортақ жазбаша мәлімдемеде «Кейбір маңызды тақырыптарда келісімге келмесе де, негізгі тақырыптармен байланысты жетістіктерге қол жеткізілгені тақырыбында ортақ көзқарасқа келдік. Қазір Иран үшін қиын шешімдер қабылдау кезі келді» делінді.
Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшіл болғаны жайлы шешімге келу тақырыбында ортақ ұстаным бар екені қайталанған мәлімдемеде «Табылатын шешім ауқымды, ұзақ мерзімді және расталатындай болуға тиісті. Осы ережелерге қарама-қайшы бір келісімге ешқайсымыз қол қоймаймыз» деген сөздер орын алды.
Келіссөздерде маңызды бір сатыға қол жеткізілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Егер барлық мәселелерді шешетін болсақ келісімді егжей-тегжейлі бір мәтінге айналдыру үшін техникалық бір жұмыс атқарылады» делінді.
Келіссөздерде 31 наурыз күніне дейін келісімге келу нысанаға алынып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар