«ИШИМ химиялық қару қолданды»

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі террор ұйымы ИШИМ-нің пешмерге күштеріне қарсы хлор газы қолданғанын алға тартты.

264334
«ИШИМ химиялық қару қолданды»

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі (IKBY) Қауіпсіздік кеңесі (Барлау ұйымы) террор ұйымы ИШИМ-нің пешмерге күштеріне қарсы хлор газы қолданғаны жайлы қолдарында дәлел бар екенін алға тартты.
Қауіпсіздік кеңесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде ИШИМ мүшелерінің ішінде 20 қап хлор газы бар көлікпен 23 қаңтар күні пешмергеге бағыттаған жанкешті шабуылдың артынан аймақтан жиналған топырақ пен киім үлгілерімен бұл жағдайдың анықталғанын алға тартты.
Қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасап мұндай қарудың қолданылуын қатаң түрде айыптады. Мәлімдемеде «ИШИМ-нің осы тактиканы қолдануы өз күшін жоғалта бастағанын және шешім іздеп жатқанын көрсетеді» делінді.
Дегенмен Күрд әкімшілігі алға тартқан қауесеттердің әлі расталмағаны білдірілді.
Басқа жағынан Ирак Аймақтық Күрд Әкімшілігі құрамында адам саны көп екінші ұлт ретінде түрікмендер ИШИМ-нен өздерін қорғау мақсатты арнайы әскери топ құрап бастады.
Ирак Түрікмен Майданы депутаты Айдын Маруф Пешмерге министрлігі құрамында құрылатын бұл күштің алғашқы сатыда мың 500 адамнан тұратын арнайы бір түрікмен әскері болатыны жарияланды.
Бұл қадамның түрікмен тарихында маңызды бір қадам екенін атап көрсеткен Маруф Түркияның да осы тақырыпта кепілдеме беретінін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар