Бразилияда жол апаты

Бразилияның оңтүстігіндегі жол апатында 51 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды.

264543
Бразилияда жол апаты

Бразилияның оңтүстігіндегі Санта Катарина штатында туристтерді тасыған бір жолаушы автобусы жарға аударылды. Жол апатында 51 адамның қаза тапқаны, 10 адамның жарақат алғаны білдірілді.
Жаралылардың кейбіреулерінің жағдайы ауыр болғаны себепті қаза тапқандар санының артуы мүмкін.
400 метрлік жарға аударылған көліктегі қаза тапқан және жараланған туристтердің азаматтығы туралы мәлімет берілмеді.
Жол апаты жиі болған Бразилияда 2012 жылы 45 мың, 2013 жылы 41 мың адам жол апаттарында қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар