Нигерде Боко Харам содырларына ауыр соққы

Нигерде армия ұйымдастырған операцияларда 6 ақпан күнінен бері 513 содырдың көзі жойылды.

258586
Нигерде Боко Харам содырларына ауыр соққы

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Адили Торо Майнассара ұйымның Нигердің Нигерия шекарасындағы Боссо қаласына 6 ақпан күні жасаған шабуылынан бері ұйымдастырылған операцияларда 513 содырдың жансыз қолға түскенін, 216 ұйым мүшесінің болса тұтқындалғанын атап көрсетті.
Майнассара ұйымның 8 наурыз күні жасаған шабуылында болса 24 әскер мен 1 жазықсыз адамның қаза тапқанын білдірді.
Мәлімдемеші шекара аймағында төтенше жағдай жариялануы және жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ден азанғы сағат 06:00-ға дейін көліктердің көшеге шығуына тыйым салынуының Боко Харамның шабуылдарында жазықсыз адам шығынын азайтқанын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар