Швецияда түрік жігіт қаһарман деп жарияланды

Мұрат Эрдал атты 20 жасар түрік жігіт бір қызды аман алып қалды.

257929
Швецияда түрік жігіт қаһарман деп жарияланды

Швецияда түрік жігіт қаһарман деп жарияланды


Швецияның ел ордасы Стокгольмде тұратын Мұрат Эрдал атты 20 жасар түрік жігіт бір қызды өз өзіне қол жұмсаудан аман алып қалды.


Полиция деректеріне қарағанда, Эрдал аман алып қалған қыз ауруханада емделіп жатыр және түрік жігітіне алғыс білдіреді.


Осы оқиғаны Швециядағы көптеген басылым бірінші бетінен жариялады.


Түрік жігіт Мұрат Эрдал Стокгольмде бір пойыз стансасында қолында қан ізі бар 17 жасар қыздың әрекеттерінен күдіктенеді. Қасына жақындап барып, оның көңіл күйінің жақсы емес екендігін байқады.


Қызды тынышталдыруға тырысқан Эрдал онымен сөйлесіп, алдымен көңілін орнықтырады. Жас қыз өзін өзі өлтіруден айниды. Артынан түрік жігіттің жолдасы полицияға хабар беріп, полицейлермен бірге қызды ауруханаға жеткізеді.


Түркияның Кония қаласынан Швецияға барып қоныс тепкен отбасында өскен Мұрат Эрдал Жастар департаментінде жұмыс істейді. Ол жас қыздың ата-анасының ажырасқанын, еш мейірім көрмей өскенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар