Рефах шекара қақпасы ашылды

Мысыр әкімшілігі қақпаны екі күндігіне ашты.

254795
Рефах шекара қақпасы ашылды

Рефах шекара қақпасы ашылды.


Мысыр әкімшілігі Рефах шекара қақпасын науқастар және гуманитарлық көмек үшін екі күндігіне ашты.


Газа шекара қақпалары басқармасының директоры Махир Әбу Субха таңертеңнен бері ондаған адамның шекарадан өткенін айтты.


Израиль қоршауына байланысты Газаның «Әлемге ашылған жалғыз қақпасы» болған Мысыр шекарасындағы Рефах осы елде 2013 жылдың шілде айында болған әскери төңкерістен бері жиі жабылып келеді.


Соңғы рет 24 қазанда Солтүстік Сина уәлаятында екі қауіпсіздік пунктына жасалған шабуылдан кейін Мысыр басшылығы «террор проблемасын түп тамырынан шешуі» үшін аймақта үш айлық төтенше жағдай жариялап, аталмыш қақпаны да жауып тастаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар