Тикрит қаласының жартысы Ирак армиясының бақылауына өтті

Ирак армиясының Тикрит қаласын ИШИМ-нен құтқару үшін бастаған операциясы жалғасуда.

247049
Тикрит қаласының жартысы Ирак армиясының бақылауына өтті

Шиіт қарулы топтары мен сүннит тайпалардың да қатысуымен жалғасқан операцияда қаланың жартысынан астамы Ирак армиясының бақылауына өтті. Ирак сарбаздары қала орталығына қарай жылжи бастады.
Дегенмен орталыққа жақындаған сайын ИШИМ-нің тұзақтары мен жанкешті шабуылдары армия күштерінің жылжуын баяулатуда.
Тикрит Бағдат әкімшілігі үшін символдық және стратегиялық тұрғыдан маңызды бір қала.
Саддам Хусейиннің туған жері ретінде қала АҚШ басқыншылығының артынан жанданған сүннит көтерілісінің де орталығы болып қабылданады.
Тикритті кері қайтару ИШИМ-мен күрес аясында әрі Ирак армиясының күшін арттыру, әрі сүннит және шиіт топтардың ынтымақтастық жасай алатынын көрсетеді.
Мосул операциясы алдында Тикрит қаласын кері қайтару стратегиялық бір қорғанға ие болу тұрғысынан да маңызды.
Басқа жағынан Сирияда ИШИМ алып қашқан жазықсыз 220 ассириялықтың төртеуін ақша төлеп құтқарылды.
Қазірге дейін еркін жіберілген жазықсыз адам саны 23-ке жетті.
Асад режимі болса 2014 жылының бастарында Ливанға бара жатқанда тергеуге алған ассириялық оппозиционердің басшысы Самир Ибрахимді еркін жіберді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар