Сириядағы баррель бомбалы шабуылдар

Адам құқықтары бақылау ұйымы Сирия үкіметінің өткен жылы жүздеген нысанаға баррель бомбасы лақтырғанын жарияланды.

238690
Сириядағы баррель бомбалы шабуылдар

Адам құқықтары бақылау ұйымы тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тыйымдарына қарамастан Сирия үкіметінің өткен жылы жүздеген нысанаға баррель бомбасы тастағаны жарияланды.
Ұйым Дерада 450, Халепте болса мың жерге баррель бомбасы лақтырылғанын құжаттармен тіркелгенін атап көрсетті.
Сирия елбасы Башар Асад өткен апталарда берген сұхбатында баррель бомбасы қолданғанын мойындамаған болатын.
Дегенмен Адам құқықтары бақылау ұйымы жер серігі көріністері, фотосуреттер, видео көріністері және куәгерлерден жинақталған ақпараттардың тіркелгенін және осы дәлелдердің Асадты теріске шығарғанын жариялады.
Баррель бомбалары тек қана үкімет күштерінің қолындағы тікұшақтардан лақтырылады.
Ұшақ қағарлардың оғынан қорыққаны себепті өте биіктіктен лақтырылған баррель бомбалардың нысаналарын табуы мүмкін емес.
Сирия Адам құқықтары желісі атты бір ұйым да тек қана 2014 жылы 22 ақпан күнінен бері 6 мыңнан астам адамның баррель бомбалары себепті қаза тапқанын жариялады.
Адам құқықтары бақылау ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымын бұл қырғынға үнсіз қарағаны үшін айыптауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар