АҚШ пен Оңтүстік Корея ортақ әскери жаттығу өткізеді

Солтүстік Корея мұны өзіне бағытталған бір соғыс дайындығы және қаупі ретінде қабылдайды.

230827
АҚШ пен Оңтүстік Корея ортақ әскери жаттығу өткізеді

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның қорқытуларына қарамастан 2 наурыз күні ортақ әскери жаттығу бастайды.
Жаттығуға биыл Ұлыбритания, Канада, Австралия, Франция және Данияда қатысады. Жаттығу 24 сәуір күніне дейін жалғасады.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жаттығуды тараптардың қорғаныс күшін өлшеу мақсатты өткізілген жай сынақтар екенін жариялауына қарамастан Солтүстік Корея мұны өзіне бағытталған бір соғыс дайындығы және қаупі ретінде қабылдайды.
АҚШ-Оңтүстік Корея ортақ күштер қолбасшылығы лауазымдысы генерал Кертис Скарропотти болса ортақ жаттығудың Сеул мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты күшейту мен жалғастығы үшін бір қажеттілік екенін атап көрсетті.
Корея соғысынан бері АҚШ-тың аймақтағы болмысы екі Корея арасында маңызды қиыншылықтар туғызады. Оңтүстік Кореядағы базада шамамен 30 мың АҚШ әскері қызмет атқарады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар