Терроризмге ешқандай бір дін жауапты емес

Обама террормен күресу жөнінде үндеу тастады.

223877
Терроризмге ешқандай бір дін жауапты емес

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтон «Қарулы ұшқары топтармен күресу саммитіне» үй иелігін жасады.
Әлемде өрбіген радикализм және террормен күресу тақырыбы қолға алынған саммитке Түркия атынан Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз қатысты.
Ақүйдегі соңғы сессияда президент Барак Обама баяндама жасады.
Обама «Терроризмге ешқандай бір дін жауапты емес. Терроризмге адамдар жауапты» деп, Исламофобия кең қанат жайған АҚШ-тан барша әлемге үндеу тастады.
Әл-Қайда және ИШИМ-мен күресулердің дін лидерлеріне қарсы емес, террористтерге қарсы екенін түсіндірген Обама террорды тосумен қатар террорды ынталандыруға да қарсы шағудың маңызына тоқталды.
Осы барыста Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз да саммит барысында «Шетелдік террормен күресуде мағлұмат алмасу» атты бір сессияға қатысты.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар