Меркель Украина мәселесі туралы басшыларға телефон шалды

Әңгіме барысында Украинадағы атысты тоқтату келісімі қолға алынды.

224012
Меркель Украина мәселесі туралы басшыларға телефон шалды

Германия канцлері Ангела Меркель Франция президенті Франсуа Олланд, Украина президенті Петр Порошенко және Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен әңгімелесті. Әңгіме барысында Украинадағы жаңалықтар қолға алынды.
Германия үкімет мәлімдемешісі Штефан Сейберттің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Дебальцевода атысты тоқтату келісімінің бұзылуына қарамастан Минск келісіміне тараптардың бағынатыны атап көрсетілді.
12 ақпан күні Минскте өткен келіссөздерде қабылданған шешімдегі сияқты атысты тоқтатуды іске қосу және ЕҚЫҰ бақылаушыларының ауыр қаруларды майданнан шығару керектігі атап көрсетілді.
Тұтқындарды алмасу бабының орындалу керектігі және Путиннің тақырыппен байланысты жікшілдермен байланысатыны да атап көрсетілді.
Мәлімдемеде Германия, Франция, Украина және Ресей сыртқы істер министрлерінің келесі күндерде Минскте жарияланған шара пакетін қолға алатыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар