Украинадағы атыс тоқтаған жоқ

Барша әлемнің назары Украинада.

219425
Украинадағы атыс тоқтаған жоқ

Барша әлем Украинадағы атысты тоқтату келісіміне назар аударуда.
Мемлекеттің шығысындағы Ресей жақтаушылардың атысты тоқтату келісімі атқарылған кеше кештен осы уақытқа дейін ондаған келісімді бұзған әрекет болғаны білдірілуде.
Жікшілдер болса алғаш оқты Украина армиясы жасақтарының атқанын пайымдауда.
Донецкпен қатар Луганск аймағында да мұндай жағдай байқалды.
Үкімет күштерінің бақылауындағы Дебальцево қалашығында дағдарыс ушығуда.
Жікшілдердің қалашықты басып алу үшін шабуылдар жоспарлағандары және әскери жасақтарды айтақтау үшін атыс ұйымдастырғаны жөнінде пайымдаулар бар.
Германия премьер-министрі Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Петр Порошенко кеше телефон арқалы сөйлесіп, келісімнен кейінгі жағдайды кеңесті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар