Шығыс Гутаға шабуыл жасалды

Шығыс Гутаға шабуылда 178 адам қаза тапты.

218637
Шығыс Гутаға шабуыл жасалды

Сирия Адам құқықтары ұйымы режим күштерінің 5-9 ақпан күндері арасында Шығыс Гутаға жасаған шабуылдарда 178 адамның қаза тапқанын жариялады.
Ұйым дайындаған рапортта 370-тен астам адамның да жараланғанын білдірді.
Қаза тапқандардың 32 пайызының әйел мен балалар екені атап көрсетілген рапортта «Сандар режимнің жазықсыз адамдарды нысанаға алғанын ашық түрде көз алдына жайды» делінді.
Рапортта сондай-ақ Шығыс Гута тұрғындарының дәрі-дәрмек, азық-түлік және отын тапшылығы шеккені білдірілді.
Рапортта Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша аймаққа гуманитарлық көмек кірісіне рұқсат берілгені, дегенмен бұл көмектердің әсіресе режим қолдаушыларына таратылғаны атап көрсетілді.
Сирия Адам Құқықтары Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінен қабылданған шешімдерді қадағалауын талап етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар