Демократиялық Конго Республикасында қайық апаты

Суға кеткен қайықтағы 100 адам мерт болды, 61 адам құтылды.

216474
Демократиялық Конго Республикасында қайық апаты

Конго өзенінде жолаушы тасымалдау үшін қолданылған балықшы қайығы шыққан өрттің салдарынан суға кетті. Апатта қайықтағы 100 адам мерт болды.
Жергілікті лауазымдылар елдің солтүстік шығысындағы Басоко аймағындағы апатта 61 адамның суға секіріп құтылғанын мәлімдеді.
Қайықтың электр жүйесі бар бөлімде басталған өрт қысқа уақытта тарап, балықшы қайығы суға кетті.
Құтқарылған жолаушылардың Басокаға әкелінгенін атап көрсеткен лауазымдылар құтқару жұмыстарының жалғасқанын мәлімдеді.
Өрттің шығу себебі зерттелсе де, қауіпсіздік көздері қайықтың жүктің салмағын көтере алмағаны себепті апатқа ұшырағанын болжайды.
Елдегі қайық апаттарында соңғы 3 айдың ішінде шамамен 300 адамның қаза тапқаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар