Германияда Ислам мен эмигранттарға қарсы шеру ұйымдастырылды

Германияда 'Еуропа үшін тікелей демократия қоғамы' атымен нәсілшіл жаңа ұйым құрылды.

214821
Германияда Ислам мен эмигранттарға қарсы шеру ұйымдастырылды

Германияда Батыстың исламға көшуіне қарсы Отан сүйгіш Еуропалықтар (PEGIDA) қозғалысынан бөлініп шыққан және Кэтрин Оептел құрған «Еуропа үшін тікелей демократия» (DDFE) қоғамы кеше тұңғыш шеруін ұйымдастырды.
Дрезден қаласының символы ‘Фрауэнкирхе’ шіркеуі алдындағы Ноймаркт алаңында ұйымдастырылған шеруге шамамен 500 адамның қатысқаны білдірілді.
Оертел осында айтқан сөзінде жаңа қоғам арқылы халықтың үні болғысы келгенін атап айтты.
«Жаңадан бастаймыз» деген Оертел тікелей демократия, сөз еркіндігі, ішкі қауіпсіздік, эмиграция заңы, зейнетке шығу және отбасы саясаты, бейбітшіл саясат және Трансатлант Сауда және Инвестиция ортақтығы тақырыптарынан тұратын қоғамның нысаналарын 7 баптық стратегия құжатында таныстырды.
Аталмыш стратегия құжатында PEGIDA сияқты «Еуропаның исламға айналуы» жайлы бір баптың орын алмауы назар аударды.
Оертел Еуропа үшін тікелей демократия қоғамының келесі апта карнавал болғаны себепті шеру ұйымдастырмайтынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар