ЕҚЫҰ Украинадағы тараптарды 'атысты тоқтатуға' шақырды

Швейцария, Германия және Сербия Сыртқы істер министрлері Украинадағы қақтығыстарды қолға алды.

214204
ЕҚЫҰ Украинадағы тараптарды 'атысты тоқтатуға' шақырды

Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) үштігі Украинадағы соңғы жаңалықтар себепті «жедел түрде атысты тоқтату» шақыруы тастады.
Германияның Мюнхен қаласында жүзеге асқан «Мюнхен қауіпсіздік конференциясы» аясында ЕҚЫҰ үштігін құрған Швейцария, Германия және Сербия Сыртқы істер министрлері бас қосып, Украинадағы жаңалықтарды қолға алды.
Сербия Сыртқы істер министрі Ивица Дачич, Швейцария Сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтер және Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Украинадағы жаңалықтар себепті тараптарды «Дұшпандықты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруға» шақырды.
Мәлімдемеде министрлердің Украинада тарап жатқан қақтығыстарға қатты алаңдағаны, жазықсыз адамдар өмір сүрген аймақтарда ауыр қарулардың қолданылуы және әскери қозғалыстың артуын айыптағаны да атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар