Иордания ИШИМ лаңкестік ұйымынан кек алды

Иордания қамаудағы террорист Саджиде әл Ришавимен қоса тағы бір террористі өлтірді.

209234
Иордания ИШИМ лаңкестік ұйымынан кек алды

Иордания ИШИМ лаңкестік ұйымынан кек алды.


ИШИМ ұйымы иорданиялық ұшқыш Муаз әл Кесасибені өлтіргеннен кейін Иордания қамаудағы террорист Саджиде әл Ришавимен қоса тағы бір террористі өлтірді.


Иордания үкіметі лаңкестік ұйымның ұшқыш пен террорист Ришавидің алмастырылуы шартын қабылдап, алайда ұшқыштың тірі екені жөнінде нақты айғақ сұраған болатын.


Артынан террор ұйымы иорданиялық ұшқыштың өлтірілгені көрсетілген көріністерді жариялады. Осыған орай Иордания Саджиде әл Ришавимен бірге басқа бір ИШИМ террористінің де өлім жазасына тартылатынын хабарлаған болатын.


Осы арада түрік Сыртқы істер министрлігі террор ұйымы ИШИМ-нің иорданиялық ұшқышты өлтіруіне қайғырғанын білдіріп, оқиғаны айыптады.


Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама да көріністерге байланысты «Бұл ИШИМ-нің ахлақсыздығы және жабайылығының бір көрсеткіші» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар