Грекия премьер-министрі алғашқы шетел сапарларын жоспарлады

Ципрас алғашқы шетел сапарын Кипр Понти әкімшілігінен бастайды.

205943
Грекия премьер-министрі алғашқы шетел сапарларын жоспарлады

Алексис Ципрас бүгін Кипр Понти әкімшілігіне, сейсенбі күні Италияға, сәрсенбі күні болса Париж бен Брюссельге барады.
Ципрас Кипр бағдарламасы аясында Понти басшысы Никос Анастадиадиспен бас қосады. Кейін Понти мәжілісінің арнайы отырысына қатысып депутаттарға үн қататын Ципрас сапары барысында понтилік саяси партиялардың басшыларымен де жеке кездеседі.
Еуропадағы байланыстары аясында Италия премьер-министрі Маттео Ренци, Франция президенті Франсуа Олланд және Еуропа Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесетін Ципрас еуропалық басшыларға жаңа грек үкіметінің қарыздары тақырыбындағы көзқарастарын жеткізеді.
Ципрастың Еуропа байланыстары барысында ортақ бір жол табу үшін Еуропалық басшыларға үкіметтің жаңа бір құтқару бағдарламасы дайындауы үшін уақыт беріп, қолдау сұрауы күтіледі.
Басқа жағынан Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы (СКТР) Дервиш Ероғлу жаңа премьер-министрге шақыру тастады.
Ероғлу «Ципрас еліне және аймаққа бейбітшіл үлес қосқысы келсе, Кипр саясатын радикал түрде өзгерту керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар