«Аушвиц» еске алынды

Аушвицтегі еврейлердің 70 жыл бұрын құтқарылуы Польшаның Краков қаласында атап өтілді.

199350
«Аушвиц» еске алынды

Фашистердің концлагері Аушвицтегі еврейлердің 70 жыл бұрын Кеңес әскерлері тарапынан құтқарылуы Польшаның Краков қаласында атап өтілді.


Дүние жүзінің көптеген елінен басшылар келген рәсімге Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бірге Түрік Иудей жамағатының мүшелері қатысты.


Рәсімге қырғыннан аман қалған 300 шақты адам шақырылды. Қырғыннан аман қалғандар гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты.


Көптеген кинокартинаға арқау болған Аушвиц концлагеріндегі рәсімге Украина дағдарысындағы саясатына байланысты Ресей басшысы Путин шақырылмады.


Путин Мәскеудегі Еврей мұражайындағы рәсімге қатысты.


Рәсімнен кейін түрік журналистерге мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Аушвицте тұтқындардың газбен уланып, өртелгенін еске сала отырып, Сирия тақырыбына назар аударды. «Бүгінгі күні өкінішке орай 100 жыл бұрын болған трагедияның белгілерін көріп отырмыз. Сирияда 200 мыңнан астам адам өлтірілді» деді ол.


Аушвиц Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистердің алты миллион еврейді өлтіруінің символы болды.


БҰҰ Аушвиц концлагеріндегі тұтқындар құтқарылған 27 қаңтар күнін «Халықаралық Холокост еврей қырғынын еске алу күні» деп жариялады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар