Ресейшіл жікшілдер қылмыс істеді

БҰҰ Ресейшіл жікшілдердің қылмыс істегенін білдірді.

198833
Ресейшіл жікшілдер қылмыс істеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинаның оңтүстігіндегі Мариуполь қаласында ұйымдастырылған және 30 адам қаза тапқан шабуылдың тікелей жай халықты нысанаға алғанын білдірді.
«Бұл халықаралық адам құқықтарына қайшы» деген Джеффри Фельтмын Ресейді жақтаушы жікшілдер тарапынан жасалғаны белгілі шабуылдың соғыс қылмыс көлеміне кіруі мүмкіндігін атап өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина дағдарысымен байланысты ретінде 29-шы жиналысын өткізді.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің саясат жұмыстарына жауапты бас хатшы орынбасары Джеффри Фельтмын Украинаның оңтүстігіндегі Мариуполь қаласында ұйымдастырылған шабуылдың қасақана түрде жай халыққа бағытталғанын дәріптеді.
Фельтмын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушыларының осы шабуылдың жікшілдердің қолындағы аймақта болғанының анықталғанын жариялаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар