Сириялық босқындарға Катардан көмек

Катардан Ливандағы сириялық босқындарға 2 ұшақ толы көмек жіберілді.

182450
Сириялық босқындарға Катардан көмек

Катардан Ливандағы сириялық босқындарға 2 ұшақ толы көмек жіберілді.


Катар ресми хабар агенттігіне қарағанда Катар жандармериясына қарасты Төтенге жағдай, апат, құтқару және Гуманитарлық көмек комитеті екі ұшаққа толтырылған көмек материалдарын жолдады. Көмек Катар әмірі Шейх Темим бин Хамад әл Санидің нұсқауымен дайындалды.


Көмек материалдары арасында медициналық жабдық, азық-түлік, көрпе-төсек, қысқы киім, түрлі гуманитарлық материалдар орын алды.


Осы материалдар Ливанның барлық аймақтарындағы босқындарға таратылады.


Сонымен бірге Катар босқындар үшін 1 миллион доллар ақшалай көмек жолдады.


Ливанды паналаған сириялықбосқын саны БҰҰ-ның деректеріне қарағанда 1 миллионнан асады. Ливан басшыларының айтуынша бұл сан 1 миллион 700 мыңнан асты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар