Көптеген мемлекетте Париждегі шабуылдар протест етілді

Әлемнің жан-жағында мыңдаған адам наразылық шерулері ұйымдастырды.

181882
Көптеген мемлекетте Париждегі шабуылдар протест етілді

Канададан Израильге, Рамаллахтан Берлинге дейін ұйымдастырылған шерулерде Париждегі шабуылдар айыпталды, «Жө Суи Шарли» (Je suis Charlie) деген ұран тасталды.
Францияда Парижге қоса басқа қалаларда да мыңдаған адам қатысқан шерулер ұйымдастырылды.
Еуропаның ең үлкен шерулерінің бірі де Берлинде өтті. Шеруге 18 мың адам қатысты.
Баспасөз еркіндігі үшін қолдағы қаламдар аспанға көтерілді.
Шерулерде «Мен Шарлимін» жазылған плакаттарға қоса, Парижде өлтірілген полиция қызметкерін еске алу үшін «Мен Ахметпін» жазылған плакаттар да назар аударды.
Брюссельдегі шеруге болса 20 мың адам қатысты. Ереуілшілер сөз еркіндігін қолдағандарын жеткізді.
Мадридтегі шеруде жүз мыңдаған адам қолдарына француз жалауларын ұстап шықты және Франция әнұранын оқыды.
Лондонда Трафальгар алаңында жиналған 2 мың адам баспасөз еркіндігінің символы ретінде қолдарына қалам ұстап шеруге шықты.
Лондондағы белгілі ғимараттардың сырттары француз байрағының түстері болған көк, ақ және қызылға боянды.
Вена, Дублин, Стокгольм, Рим, Милан, Бейрут және Монреальде болса мыңдаған адам шеруге шықты.
Токиода 150 адам Француз Мәдениет Орталығы алдында шабуылда қаза тапқандарды бір минут үнсіз еске алды.
Иерусалим мен Рамаллахта болса ереуілшілер Париждегі шабуылды айыптады.
Мысырдың астанасы Каирдегі шерулерді баспасөз қызметкерлері ұйымдастырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар