Эбола туралы соңғы мағлұматтар

Эбола індеті қазірге дейін Батыс Африкада 8 мың 200-ден астам адамның өліміне жол ашты.

177597
Эбола туралы соңғы мағлұматтар

Эбола індетінен қазірге дейін мың 700-ден астам адам қаза тапқан Гвинеяда мемлекет басшысына наразылықтар жалғасуда.
Астана Конакриде оппозициядағы партиялар наразылық шерулері ұйымдастыруда.
Мыңдаған адам эбола қаупі себепті сайлауды кейінге қалдырған елбасы Альфа Кондеге қарсы наразылық шеруіне шықты.
Митингтің артынан кейбір оппозиция жақтаушылары жолдарды көлік қатынасына жапты.
Полиция көз жасаурататын газбен қалың жұртты таратты.
Індет салдарынан ең көп зардап шеккен елдердің басында келген Либерияда Әлем денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда ауруды жұққандар саны азайды.
Дегенмен БҰҰ мен Әлем денсаулық сақтау ұйымы Либерияда эболаның толығымен жойылмағанын, індеттен сақтандыратын шаралардың жалғасу керектігін ескертті.
Эбола қазірге дейін бұл елде 3 мың 500 адамның қаза табуына себеп болды.
Әлем денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда Батыс Африкада эбола себепті 8 мың 235 адам қаза тапты.
Жұқпалы ауруға жалпы шалдыққандар санының 20 мың 747 адам екені жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар