Парижді қанға бояғандардың бірі берілді

Қалған екі шабуылдаушының орны анықталды.

177811
Парижді қанға бояғандардың бірі берілді

Парижді қанға бояған қаскүнемдердің бірі берілді.


Францияның астанасы Парижде бір журналдың ғимаратына кіріп, теракт жасаған шабуылдаушының бірі берілді. Қалған екеуінің орны анықталды.


Шабуылдаушылар Франция азаматы болып шықты.


18 жасар Хамид Мурад полицияға берілді. Жеті адам тұтқындалды.


Франция қауіпсіздік күштері 34 жасар Саид Куачи және 32 жасар інісі Шериф Куачидің орнын анықтағандарын хабарлады.


Олар бір бензин стансасына баса кіріп, азық және бензин ұрлаған көрінеді.


Айырықша бір француз газеті кешегі теракт кезінде қаза тапқан бір полицейдің мұсылман екенін жазды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар