Парижде лаңкестік

Әзіл-сықақ журналы ғимаратына жасалған шабуылда 12 адам қаза тапты.

176404
Парижде лаңкестік

Францияның астанасы Парижде шабуыл жасалды. 


Бір әзіл-сықақ журналының ғимаратына жасалған шабуылда 12 адам қаз тапты. Көптеген адам жарақат алды.


Парижде қауіпсіздік шаралары арттырылды. Елисей сарайында Франция президенті Франсуа Олланд төтенше жиналыс өткізуде.


«Charlie Hebdo» атты әзіл-сықақ журналының ғимаратына жүздеріне маска таққан екі қарулы адам шабуылдады. Олар ғимаратқа кіріп, оқ жаудырды. Шабуылда екі полицей, барлығы 12 адам қаза тапты.


Қаза тапқандар арасында журналдың редакторы мен атақты екі карикатурист те бар.


Шабуылдаушылар бір көлікке мініп қашты. Оларды іздей жұмыстары басталды.


Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Баспасөз органдары, үлкен дүкендер мен діни мекемелерде шара арттырылды.


Президент Олланд оқиғаға «террористік лаңкестік» деп баға берді. Оның айтуынша, соңғы бір апта ішінде Парижде бірнеше шабуылдың алды алынды.


Олланд осыған ұқсас оқиғалардың қайталануы мүмкін екенін айтып ескертіп, ұлтты бірлікке шақырды.


Аталмыш журнал екі жыл бұрын Әзірет Мұхаммед жайлы карикатура жариялаған болатын. Осы карикатуралар әлем көлемінде жаңғырық туғызған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар