Адриатикадағы паром апаты

Бір түрік жолаушының қаза тапқаны хабарланды.

166464
Адриатикадағы паром апаты

Грекиядан Италияға бара жатып өртенген паромдағы ондаған адамның тағдыры әлі белгісіз. Себебі жолаушы тізімі қате болған.


Бір түрік жолаушының қаза тапқаны хабарланды.


Италия Қатынас министрлігі жолаушы тізіміндегі қателерге байланысты шығын жөнінде нақты көрсеткіш бере алмай отырғандарын мойындады.


Алайда паромдағы Хафизе Саваш атты түрік азаматының қаза болғаны білдірілді. Сыртқы істер министрлігі өкілдері да Саваштың қаза болғанын растады.


Бұдан бұрынғы хабарламада паромдағы 54 түрік азаматының барлығының аман екені білдірілген болатын.


Тізімде аты жазылған кейбір азаматтар да паромға мінбегендіктен және кейбірі де басқа бір грек аралында түсіп қалғандықтан шығын туралы нақты мәлімет жоқ.


Грекия Теңіз министрі де жолаушы тізімінің қате екенін айтты.


Қазір шамамен 30 адам ізделіп жатыр.


Жексенбі күні өртенген "Norman Atlantic" атты паромда 422 жолаушы мен 56 экипаж болған. Барлығы 437 адам құтқарылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар