Теңіздегі апатта қаза тапқандар саны онға жетті

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

165505
Теңіздегі апатта қаза тапқандар саны онға жетті

"Norman Atlantic" атты паромда қайтыс болғандардың саны онға жетті.


Паромда Грекиядан жолға шығып, Италияға бара жатқанда Адриатикатеңізінде өрт шыққан болатын.


Паромдағы жолаушылардың арасынан 54 түрік азаматы құтқарылды.


Алайда 30-40 адам әлі табылмады. Аймақта бір әскери кеме жұмыс жүргізуде.


Грекияның Патрас портынан Италияның Анкона қаласына бара жатқанда өрт жалмаған паромдағы барлық жолаушы мен экипаж көшірілді.


Паромда 478 адам болатын. Бұлардың 422-сі жолаушы, 56-сы экипаж.


Өрт 200 шақты көлік қойылған гараждан шықты деп болжалып отыр.


Италия оқиғаға байланысты тергеу бастатты.


«Гөкбел» атты түрік жүк кемесі де Италия маңында басқа бір жүк кемесімен соғылып, батқан болатын. Кемедегі 11 түрік экипаждың бесеуі құтқарылды. Екі адамның денесі табылды.


4 адамды іздеу жұмыстары жалғастырылуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар