ИШИМ әскери ұшақты құлатпаған

Ал бірақ ұшқыш содырлардың қолында.

159335
ИШИМ әскери ұшақты құлатпаған

Америка Орталық күштер қолбасшылығы CENTCOM Сирияның солтүстігіндегі Раккада коалиция күштеріне қарасты әскери ұшақты лаңкестік ұйымның құлатпағанын білдірді.


Хабарламада «Айғақтар террор ұйымы алға тартқандай ұшақты ИШИМ-нің құлатпағанын көрсетеді» деп айтылды. Ал бірақ қолбасшылық Иорданияның Ф-16 ұшағының құлау себебін де білдірмеген.


Ұшақ әлі жоғалып кетті деп есептеліп отыр, ұшқыштың құтқару үшін де жұмыс басталып кетті.


Террор ұйымы апаттан аман қалған иорданиялық ұшқыштың көріністерін интернетте жариялаған болатын.


Иордания болса ұшқыштың ИШИМ содырларының қолында екенін растап, қауіпсіздігіне лаңкестік ұйымның жауапты екенін білдірді.


Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшы Пан Ги Мун лаңкестік ұйымнан қолындағы тұтқын ұшқышқа халықаралық заңдарға сай қарауын сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар