Ливияның Бенгази қаласында шыққан қақтығыста 18 адам қаза тапты

Ливияда зейнеттегі генерал Халифа Хафтерге қарасты күштер мен төңкерісшіл топтар қақтығысты.

157404
Ливияның Бенгази қаласында шыққан қақтығыста 18 адам қаза тапты

Зейнеттегі генерал Халифа Хафтерге қарасты күштер мен төңкерісшіл топтар арасында шыққан қақтығыстарда Хафтер жақтаушысы 13 адам қаза тапты, 69 адам жарақат алды.
Елдің шығысындағы Деране қаласы маңындағы Айн Мара аймағында бір қауіпсіздік орталығының кірісіне Ансар эш-Шариғат атты ұйым мүшелері тарапынан жасалған шабуылда 5 әскер қаза тапты.
Ливияда зейнеттегі генерал Халифа Хафтердің мамыр айында Зинтандағы көтерілісші топтармен ортақ жасаған төңкеріс бастамасы Триполи әкімшілігі тарапынан тоқтатылған болатын.
Триполиде орналасқан Ұлттық Жалпы Кеңес қолдау көрсеткен Ливияның батысын бақылауға алған Феср күштері мен Шығыс Ливияны бақылауға алған және Тобурукта орналасқан Өкілдер Мәжілісінен қолдау берген күштер ретінде екіге бөлінген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар